Қытайдың ШЫҰ-ға мүше мемлекеттермен сауда көлемі 247,7 миллиард АҚШ долларына жетті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 тамыз

20 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Сауда министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, соңғы жылдары ШЫҰ-ның аймақтық экономикалық ынтымақтастығы артып келеді. Әсіресе сауда-саттық көлемі тұрақты өсуде. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Қытайдың ШЫҰ-ға мүше мемлекеттермен тауар айналымы 247,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға өскендігін көрсетеді. Қытай бұл елдерге негізінен механикалық және электрлік бұйымдарды, автомобильдер мен қосалқы бөлшектерді, киімдерді, химиялық заттарды және т.б. экспорттайды. Басқа мүше мемлекеттерден негізінен мұнай мен газды, ауылшаруашылық өнімдерін, көмірді, минералды құмдарды және т.б. импорттайды. Соңғы бес жылда Қытай мен ШЫҰ-ға мүше басқа мемлекеттер арасындағы сауда көлемі қатарынан 300 миллиард, 400 миллиард және 500 миллиард АҚШ долларынан асты. 2024 жылы 512,4 миллиард АҚШ долларына жетіп, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото