- Барлық ақпарат
3 қыркүйек Әскери парадының жаттығу алаңындағы жалынды сәттер
22 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қаз-қатар тізілген сап! Болаттай жігер! Жарқын шыққан әскери ұран! Онлайн «Халық Газетінің» тілшілері 3 қыркүйекте өтетін Әскери парадтың жаттығу алаңына барып, офицерлер мен сарбаздардың асқақ рухы мен айбарлы жаттығуларын өз көзімен көріп қайтты.
Биыл Қытай халқының Жапонияға қарсы соғысы мен Дүниежүзілік антифашистік соғыс жеңісіне 80 жыл толды. Осы орайда елімізде үлкен мерейтойлық іс-шара өтеді. 3 қыркүйек күні таңертең Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында Қытай халқының Жапонияға қарсы соғысы мен Дүниежүзілік антифашистік соғыстағы жеңісінің 80 жылдығына арналған үлкен жиын өтеді. Жиын аясында әскери шеру өтеді. Парадта Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы, Орталық Әскери Комитет төрағасы Си Цзиньпин маңызды сөз сөйлейді.
people.cn © People's Daily Online