- Барлық ақпарат
Қазақстан мен Гуандун провинциясы арасындағы сауда бір жылда 37% өсті
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 тамыз
Гуанчжоу қаласында Қазақстанның Сауда-экономикалық миссиясы өтті. Шараға Қазақстанның 20-дан астам компаниясы қатысып, Гуандун провинциясының жетекші бизнес өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Форумның ашылуында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті ерекше атап өтті. Оның айтуынша, 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында екіжақты тауар айналымы 15 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,9% -ға артық .
А.Шаққалиев Гуандун провинциясының мүмкіндіктеріне де тоқталды. ЖІӨ көлемі 1,9 трлн доллар болған Гуандун провинциясының Қазақстанмен саудасы былтыр 37,3%-ға өскен.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online