- Барлық ақпарат
Follow Xi: «Тұнық су, жасыл тау» бастамасына жиырма жыл
25 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Биыл «Тұнық су мен жасыл таулар - баға жетпес байлық» ұғымына 20 жыл толады. Тұнық су мен жасыл таулар - баға жетпес байлық, көк теңіз бен таза жағажайлар да баға жетпес байлық. Тұнық су мен жасыл тау барлық нәрсені қоректендіретін экологиялық қазына ғана емес, сонымен бірге байлықтың экономикалық көзі. Экологияны жақсы қорғау - «табиғи капиталды» қорғау дегендік, ал экологияны жақсы дамыту «жасыл байлықты» жандандыра түседі.
Фуцзянь өлкесінің Чжанчжоу қаласы Дуншань аралы Аоцзяо ауылында балық аулайтын қайықтар ауылдың айлағында қаз-қатар тізіліп тұр. Айналасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер суретке түсіп жүр, сонымен қатар ауылдағы теңіз өнімдерін сататын дүңгіршектер де бизнес үшін ашық, әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарды қарсы алуға дайын болды.
Аоцзяо ауылы Фуцзянь Провинциясының Чжанчжоу қаласындағы Дуншань аралының оңтүстік-шығыс бұрышында орналасқан. Жан-жағы теңіздың көк толқындарымен қоршалған. Теңізге арқа сүйеген Аоцзяо ауылы теңізде туып, теңіздің арқасында гүлденді. Әсіресе, ҚКП 18-інші мемлекеттік құрылтайынан бастап теңізде балық аулау, аквамәдениет, теңіз өнімдерін қайта өңдеу, электрондық коммерция және ауылдық туризмнің бес жетекші саласы толығымен дамыды. Бұрынғы шағын балықшылар ауылдары «Экологиялық сұлулық» пен «халықтың өркендеуінің» жаңа жолын ашып, «көк теңіз бен таза жағажайлар да баға жетпес байлық» екенін түсінді.
people.cn © People's Daily Online