- Барлық ақпарат
Қытай мен ШЫҰ елдері арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығы рекордтық деңгейге жетті
25 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Бас кеден басқармасының дерегіне сәйкес осы жылдың алғашқы жеті айында Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше басқа мемлекеттерге импорты мен экспортының жалпы құны 2,11 трлн юаньға жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3%-ға өсіп, ауқымы жағынан рекордтық деңгейге жетті. «Шанхай рухының» басшылығымен ШЫҰ сауда-экономикалық, инвестициялық, өзара байланыстар және басқа салалардағы ынтымақтастықты тереңдетіп ортақ өркендеу жолына түсті.
Шаньдун өлкесінің Циндао қаласындағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының демонстрациялық аймағы халықаралық автомобиль көлігімен тасымалдау орталығынан шығатын жеміс-жидек пен көкөніс тиелген жүк көліктері тікелей Мәскеуге дейін бара алады. Ал, Дубайға жаңа тоқпен жүретін көліктер жіберілуде. Ауғанстаннан жеткізілетін тауарлар да осы жерден Қытай нарығына шығады. 2018 жылы құрылысы мақұлданғаннан бері демонстрациялық аймақ ынтымақтастық моделінің жаңа түрін тұрақты зерттеп келеді. Осы уақыт ішінде «Жібек Жолы электрондық коммерциясы» үшін кешенді қызмет көрсету базасын дайындады. Сондай-ақ, «Сенімді ШЫҰ» трансшекаралық платформа әзірлеп кәспорындарға жүйелі шешу жолдарын ұсынды. Осы арқылы көптеген кәсіпорындарды осы аймаққа тартты.
Тяньцзинь порты ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықтың үлгілерін ұсынуды тоқтатқан емес. Үстіміздегі жылдың мамыр айында Қорғас арқылы Өзбекстанға тікелей қатынайтын алғашқы Орталық Азия пойызы сәтті жолға шықты. Нәтижесінде жол жүру мерзімі бұрынмен салыстырғанда 800 шақырымға қысқарды. Тяньцзинь порты 500-ден астам портпен сауда биржаларын жүргізе отырып, Ресей, Қазақстан және басқа да елдермен теміржол интермодальдық көлік саласындағы ынтымақтастықты тереңдетті. 2024 жылы Тяньцзинь порты арқылы кеткен Қытай-Еуропа (Азия) пойызы 60 000-нан астам TEU жүк тасымалдаған. Бұл аймақтық өнеркәсіп пен жеткізу тізбегінің тұрақтылығын сақтауға маңызды үлес қосты.
Қорғас Қытай-Қазақстан халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығының импорттық және экспорттық жүктерінің көлемі ағымдағы жылдың алғашқы жеті айында 35 500 тоннаға жетті. Сауда көлемі 3,65 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,1% және 37,7%-ға өсті. Тәулік бойғы кедендік рәсімдеу және «бір терезеде тексеру» инспекциясы сияқты ыңғайлы шаралардың арқасында портта көліктерді кедендік рәсімдеуден өткізу едәуір жақсарды.
Жаһандық біржақтылықтың қарсы ағымы алдында ШЫҰ елдері көпжақты сауда жүйесін қолдау үшін бірлесіп жұмыс істеді. 2024 жылы Қытай мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер, бақылаушы мемлекеттер және диалог бойынша серіктестер арасындағы сауда көлемі 890 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл аймақтық ынтымақтастықтың өміршеңдігін нақты көрсетіп отыр.
people.cn © People's Daily Online