Follow Xi: «Тұнық су, жасыл тау» бастамасына 20 жыл – өміршеңдікке толы Үш өзен қайнары

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 тамыз

26 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Биыл «Тұнық су мен жасыл таулар - баға жетпес байлық» ұғымына 20 жыл толады.

Цинхай өлкесінің оңтүстік бөлігінде, Цинхай-Сицзан үстіртінің ішкі бөлігінде Янцзы, Хуанхэ және Ланьцанцзян өзендері осы жерден бастау алып, теңізге қарай ағып жатыр. Бұл аймақ «Қытайдың су мұнарасы» деп аталатын Саньцзянюань (Үш өзен қайнары).

2021 жылдың маусымында Цинхайға сапары кезінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Цинхайдың экологиялық ортасын қорғау «елдің ең ұлы ісі» екенін атап өтті. «Біз жасыл тау мен тұнық сулар  - баға жетпес байлық деген ұғымды берік орнықтырып, жер шарының үшінші полюсінің экологиясын тиімді қорғауымыз керек».

Көп жыл бойы пилоттық барлау және құрылымдық тәжірибелерді жүргізу арқылы Саньцзянюань Ұлттық саябағы осы топырақты қорғау аясында қоршаған ортаны қорғаудың, жасыл желектерді дамытудың және адамдардың өмір сүруін жақсартудың органикалық бірлігін жүзеге асырды. Бүгінгі Саньцзянюань аумағы - таулары таза, сулары тұнық, мақтанышқа айналған, халық та бейбіт өмір сүріп, берекелі күн кешіп жатыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото