- Барлық ақпарат
«Keruen Express» туристік пойызымен 130-дан астам жолаушы сапарға аттанды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 тамыз
«Keruen Express» туристік пойызымен 130-дан астам жолаушы сапарға аттанды, деп хабарлады Sputnik.
26 тамызда туристік пойыз «Алматы–Түркістан–Самарқан–Бұқара–Ташкент–Алматы» бағыты бойынша сапарға шықты. 130-дан астам жолаушы мінген бұл бағыт Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстырып, жолаушыларға екі елдің тарихи және мәдени мұраларымен танысуға бірегей мүмкіндік береді.
Саяхат ұзақтығы 6 күнді, 26–31 тамыз аралығын қамтиды.
Аталған құрам Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын жетінші туристік пойыз болды. Пойыз бес заманауи вагоннан тұрады: төртеуі – купе, біреуі – вагон-мейрамхана.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online