Тяньцзинь Халықаралық порт экономикалық ынтымақтастық орталығы пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 тамыз

27 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тяньцзинь халықаралық порт экономикалық ынтымақтастық орталығы ресми түрде пайдалануға берілді. Мұнда негізінен Қытай мен ШЫҰ елдері арасындағы сауда алмасулар, өнеркәсіптік кооперация, салалық биржалар үшін кедендік рәсімдеу жүргізіледі. Сонымен қатар логистикалық шешімдер және порттарды үйлестіру сияқты кешенді қызметтерді ұсынады.

Қазіргі уақытта елдер бойынша құрылған нарыққа бағытталған кешенді порт қызметі бөлімдерінің ішінде Қазақстан портына қызмет көрсету мекемесі жергілікті қазақстандық кәсіпорындардың Қытайға тауар экспорттауына сервистік көмек көрсетіп, кәсіпорын тауарларының кеденнен өту мәселесін шешті.

Сонымен қатар, Моңғолия портына кешенді қызмет көрсету бөлімі жұмыс істеп тұр. Ал болашақта Қытай-Ресей, Қытай-Камбоджа портына кешенді қызмет көрсету бөлімдері кезең-кезеңімен іске қосылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото