- Барлық ақпарат
Биыл Қытайдағы жедел жеткізу бизнесінің көлемі 150 миллиард данадан асты
13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік Пошта бөлімшесінің мониторинг деректері көрсеткендей, 11 қазандағы жағдай бойынша Қытайдағы жедел жеткізу бизнесінің көлемі 150 миллиард данадан асқан, аталған көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 37 күн бұрын орындалды. Бұл Қытайдың тұтыну нарығының тұрақты өсуін және тұрақты экономикалық даму тенденциясын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар бірыңғай ұлттық нарық құрылысына қызмет көрсетуде пошта экспресс индустриясының маңызды рөлін де айқындайды.
Осы жылдан бастап пошталық экспресс-жеткізу индустриясы аудан, ауыл, қыстақтық жеткізу логистикалық жүйесінің үш деңгейлі құрылысын нығайтты. Қала мен ауыл тұрғындарының тұтыну құрылымы мен қызмет өтеу тәжірибесі арасындағы алшақтық біртіндеп жойылды.
people.cn © People's Daily Online