Қытайдағы әйелдердің даму деңгейі жан-жақты тың белеске көтерілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 қазан

14 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 1995 жылы Бейжіңде Біріккен Ұлттар Ұйымының төртінші Жаһандық әйелдер саммиті сәтті өтті. 30 жылдан кейін Бейжіңдегі Жаһандық әйелдер саммитінің рухы тәжірибе барысында сынақтардан өтіп, жаңа өміршеңдігін тасқандатып келеді.

Бір уақытта 690 миллион әйел әл-ауқатқа толық қол жеткізді, әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 80,9 жасқа жетті және «жарты әлемнің жаршысы болған әйелдердің» рөлі әртүрлі салаларда бұрын-соңды болмаған дәрежеде толық көрсетілді...

2025 жылы Қытай Бейжіңде тағы бір рет Жаһандық әйелдер саммитін өткізді. 30 жылдық тарихқа көз жүгіртсек, Қытайдың әйелдер істерінің дамуындағы үлкен жетістіктері ерекше көз тартады. Ал онда осының нәтижелерімен танысыңыздар.

«Жаңа дәуірде Қытайдың әйелдердің жан-жақты дамуына ықпал етудегі тәжірибесі мен жетістіктері» атты ақ кітап жарық көрді.

Біздің еліміздегі әйелдердің даму деңгейі жан-жақты тың серпіліске қол жеткізді.

Әйелдер модернизация құрылысы жетістіктерімен бөліседі.

Бір уақытта 690 миллион әйел жан-жақты дөңгелек дәулетке қол жеткізді.

Әйелдердің денсаулық деңгейі айтарлықтай жақсарып, орташа өмір сүру ұзақтығы 80,9 жасқа жетті.

«Жарты әлемнің жаршысы болған» әйелдер көпшілігінің рөлі толық көрсетілді.

Халық құрылтайы өкілдеріндегі әйел өкілдердің үлесі үнемі артып келеді.

Жұмыспен қамтылған әйелдердің саны 43% құрайды.

Жаһандық әйелдер ісінің дамуына Қытай күшін қосты.

140-тан астам елмен достық қарым-қатынасты сақтады.

«Ер-әйел тең дейтін негізгі ұлттық саясатқа табанды болып, әйелдер мен балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау» ҚКП 18-інші, 19-ыншы, 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының баяндамаларына енгізілді.

Әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды заңмен қамтамасыз етуді үнемі күшейтіп, конституцияны негіз еткен әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы заңға сүйене отырып,100-ден астам заң мен ереже бар құқықтық жүйе құрды.

Қытай әйелдердің даму мақсаттары мен міндеттерін ұлттық экономикалық және әлеуметтік дамудың бесжылдық жоспарына енгізді.

Әйелдердің даму деңгейін экономикалық және әлеуметтік даму деңгейін өлшеудің маңызды өлшемі ретінде қарастырады.

2025 жылғы Бейжіңдегі Жаһандық әйелдер саммиті болса ол «Бейжің декларациясы» мен «Іс-қимыл жоспарының» қабылданғанының 30 жылдығына тура келеді.

Қытай әлемнің барлық елімен бірлікте жұмыс істеп, әйелдердің дамуы үшін тамаша болашақты құруға, жаһандық әйелдер ісін дамытудың жаңа тарауын жазуға дайын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото