ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова:«Әйел мен ер қол ұстасып бірге дамығанда ғана, біз алға қойған мақсатқа жетеміз»

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 қазан

15 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңде 13-14 қазан аралығында Жаһандық әйелдер саммиті өтті. Алтын күзде әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар Бейжіңдегі әйелдер тақырыбы бойынша маңызы зор, ықпалы кең шараға жиналды. Қазақстан делегациясын бастап келген Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Әбілхасымқызы Азимова онлайн «Халық Газетіне» берген сұхбатында саммиттің өте жоғары деңгейде өткенін айтып, «Бейжің декларациясының» қабылданғанына 30 жыл толуына орай Жаһандық әйелдер ісінің дамуы мен болашағы туралы өзінің пікірімен бөлісті.

Эльвира Азимова Қытайдың әйелдер мен балалардың құқықтарына байланысты «мақсатқа жету үшін ең бастысы берік идеология мен айқын саясат болу керек» деген ұстанымын өте орынды деп санайтынын айтты.

Биыл Бейжіңде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының төртінші Жаһандық әйелдер саммитінің ашылғанына, «Бейжің декларациясы» мен «Іс-қимыл жоспарының» қабылданғанына 30 жыл толды. Эльвира Азимованың айтуынша, бүгінгі саммитте тараптардың барлығы «Бейжің декларациясының» қазіргі таңда да әлемде ерекше қызығушылық тудыратынын жеткізді. «Бейжің декларациясының» мақсаттарына жету үшін жұмысты тоқтатпауымыз керек. «Бәріміз тұрақты дамуға жетуде тараптар саяси жағынан ғана емес, құқықтық тұрғыдан да қамтамасыз етілуі керек деген ортақ пікірге келдік».

«Тағы бір қызықты жайт 30 жыл бұрын тек әйелдер құқығы ғана айтылатын болса, бүгінгі саммитте, әйелдер мен ерлер қатар даму керектігі ортаға салынды. Әйел мен ер қол ұстасып бірге дамығанда ғана, біз алға қойған мақсатқа жетеміз»,- деп Қазақстан өкілі әйелдер ісінің даму бағыты туралы өзінің байқағанын пайымдады.

Қазақстан делегациясының басшысы Қытайдың әр сала бойынша жеткен табыстары мен тәжірибесіне баса назар аударды. Саммиттің екінші күні қонақтар көрмелер мен шараларға қатысып, Қытайдың әлеуметтік саясат, экономикалық даму, цифрлық технология саласындағы озық тәжірибелерімен танысты.

Эльвира Азимова «Бұл саммиттен біз тек халықаралық тәжірибені ғана емес, Қытайдың тәжірибесінен де үйренгеніміз көп болды»,- деп өзінің саммиттен түйген ойларымен бөлісті. «Бұл өте маңызды мүмкіндік. Көзқарасымыз жаңарып, тың идеялар туындады. Енді елге барған соң жаңа ой-мақсаттарымызды Қазақстанға ұсынамыз»,- деп болашақ жоспарымен сөзін түйіндеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото