- Барлық ақпарат
Қытайда eSIM ұялы байланыс бизнесі бүкіл ел бойынша іске қосылды
15 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Қытайдағы үш ірі байланыс компаниясы China Telecom, China Mobile, China Unicom-дардан алған ақпаратқа сәйкес, Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі eSIM ұялы телефондарын коммерциялық сынауға ресми түрде рұқсат берді, енді бүкіл ел бойынша eSIM ұялы телефондары іске қосылады.
eSIM - ұялы телефон қызметі физикалық SIM карталарының функцияларын ұялы телефондардың чиптеріне біріктіретін технология. Тұтынушылар eSIM функциясы бар ұялы телефонды сатып алғаннан кейін оларға физикалық SIM картасын салудың қажеті жоқ, нөмірді OTA технологиясы арқылы жүктеп алып, ұялы телефонның eSIM қосылған чипіне жазуға болады. eSIM мен физикалық SIM-ның функциялары бірдей, дауыстық байланыс, интернетке қосылу, SMS жіберу және қабылдау сияқты байланыс қызметтерін қолдана алады.
people.cn © People's Daily Online