Хунаньда кері қайтқан Қытай-Еуропа пойыздары Орталық Азия астықтарын тұрақты әкеле бастады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 қазан

16 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 15 қазанда Қазақстанның бидай, арпа және басқа да астық өнімдері тиелген халықаралық пойыз Чаншаға келді. Бұл Қытай-Еуропа пойызының кері пойызы «Қазақстан-Қорғас/Алашанькоу-Чанша» бағыты бойынша Орталық Азия астықтарын алып қайтуды тұрақты іске қосқанын білдіреді. Ол еліміздің орталық аймағындағы азық-түлікпен қамтамасыз ету кепілдігіне тиімді және тұрақты халықаралық логистикалық арнаны қосты.

Тасымалдаудың уақытына келетін болсақ, пойыз қазақстандық зауыттан шығып, Қорғас немесе Алашанькоу порттары арқылы елге кіреді. Тасымалдау уақыты шамамен 15 күн.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото