Жалын тау - батысқа сапар жолын іздеу

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 қазан

17 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жалын тау ұйғыр тілінде «Қызылтағ», яғни қызыл тау деген мағынаны білдіреді. Ал «Таулар мен теңіздердің классикасында» (Шань хай цзин) оны «от тау» деп атаған. Әр жылы жаз ортасында қоңыр таулар аптап күннің нұрына шағылысып, ыстық ауа ағындары жалын атып, таудан от жалын көкке шарпып тұрғандай әсер береді. Осы көрінісіне байланысты бұл тау «Жалын тау» деп аталып кеткен.

Ауыздан ауызға таралған «Батысқа сапар» романындағы Тан Монах номды алу жолында Жалын тауға келіп жолы бөгеліп, Сүнь Укуннің үш мәрте желпуіш сұрап келуі туралы хикая осы жерде алынған. Осы оқиғаның әсерінен Жалын тау мифтік сипат алып, әйелдер мен балаларға кеңінен танылған ғажайып тауға айналды.

Ол «Батысқа сапар» романында «Бұл тауда төрт жүз шақырым жалын бар, оның айналасына қылтан шықпайды. Егер бұл таудан өтсеңіз басыңыз мыстан, денеңіз темірден құйылса да, бәрібір еріп, сұйықтыққа айналып кетеді»,- деп суреттелген. Бұл көркемдік әсірелеп бейнелеу екені анық.

Алайда, шын мәнінде, өзінің ерекше географиясы мен табиғи жағдайына байланысты, Жалын таудың температурасы оңай көтеріледі, бұл шынымен де Қытайдағы ең ыстық жер. Жазда температура 49,8 градусқа дейін, ал жер бетінің температурасы 89 градусқа дейін жетеді. Жұмыртқаны құмға көмсеңіз, 40 минутта пісіп шығады. Аты затына сай «От өлкесі».

Тан әулетінің атақты ақыны Цэнь Цань Жалын таудан өтіп бара жатып, оған алыстан көз тастағанда бүкіл төбе оттай жарқырап, айбынды да асқақ, ауқымы үлкен, дөңкиіп жатқан қоңыр тау бейне құм даладағы от айдаһарға ұқсап, құмды шөлден ғажайып көрініс берген. Бұл көріністен кейін ақын қаламынан

«Отқа оранған бұлттары,

тау басынан кетпейді.

Бес жүз шақырым алыстан,

құстар да ұшып өтпейді» деген өлең жолдары туады.

Алайда, «Құстың да қарасы көрінбейтін» Жалын тау ешқашан құлазыған емес. Ежелгі уақытта Жібек жолындағы түйе керуенінің қоңырау үні толастамады; Қазір әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристердің шат күлкісі үзілмейді. 2003 жылы ең айбынды таудың қақ ортасында орналасқан Жалын тау көрініс аймағы ашылып, жұмыс істеді. Біз бен батысқа сапар аңызы арасындағы қашықтық ат шаптырым емес, аяқ астында ғана.

Тан монахының ном әкелу сапарын бейнелейтін 24 барельефтен тұратын композиция, Гиннестің рекордтар кітабына енген алып «алтын құрсау» термометрі, «Жалын таудан өту» виртуалды шындық тәжірибесі залы сияқтылар... Бұл Шыңжаң үшін туристер көптеп келетін жерге айналды. Мұнда батысқа сапардың жолын іздейтін адамдардың шексіз ағыны келеді, бірақ мұнымен тоқтап қалмайды.

Тарих пен қазіргі заман тоғысып, табиғат пен адамдар қарым-қатынасы қауышып, Жалын тауының сиқыры мен мәдени тоғысудың тартымдылығы өміршеңдігін тасқындатты.

«Жалын тау бұлттарымен хоштасу»

Цэнь Цань (Тан әулеті)

Жалын таудың ұшар биігін, мамырда бұлттар беттейді.

Отқа оранған бұлттары, тау басынан кетпейді.

Бес жүз шақырым алыстан, құстар да ұшып өтпейді.

Ақ таңда сейілген бұлттар, кешкі шапақта тауға иектейді.

Қалың бұлттар Тиемэньгуаньдағы орманды орап, Шекаралық әскери тұрақты өбектейді.

Шығысндағы толассыз сапар жалғасып, басындағы бұлтқа хош десем үнім жетпейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото