«Жібек Жолындағы тағамдар» Қытай дастарханына жылдам жетіп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 қазан

17 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 1 қазан күні Қытайдың Бас кеден басқармасы Оңтүстік Африка және Беларусь сияқты 10 елмен қосалқы өнімдерді енгізу туралы 15 құжатқа қол қойды. Бұл жаңалық сол күні Шанхайда өткен 2025 жылғы «Бір белдеу, бір жол» кедендік азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық конференциясында айтылды.

Кедендік деректер осы жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытай жоғарыда аталған елдермен тауар айналымы 17,37 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артқан, бұл елдің импорт пен экспорттың жалпы құнының 51,7% құрайды. Оның ішінде азық-түлік саудасының көлемі 915,24 миллиард юаньды құрап, 2,5%-ға өсті.​

Бас кеден басқармасы директорының орынбасары Чжао Цзэнляньнің айтуынша, 2023 жылы «Бір белдеу, бір жол» кедендік азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық механизмі құрылғаннан бері Бас кеден басқармасы тиісті елдермен ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдеріне қол жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы 197 құжатқа қол қойды. Отырыста «Сауда процедураларын жеңілдетуге жәрдемдесу және азық-түлік қауіпсіздігін бөлісу туралы Шанхай декларациясы» қабылданып, «Жібек Жолындағы азық-түлік қауіпсіздігі» ақпараттық платформасы іске қосылды. 11 елдің өкілдері «Бір белдеу, бір жол» кедендік азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық механизмінің жарғысына қол қойып, осы механизмге ресми түрде қосылды. Қазірге дейін механизмге мүше елдердің саны 18-ге жетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото