Ұлттық статистика бюросы: жоғары технологиялық өндірістің қосылған құны алғашқы үш тоқсанда 9,6%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 қазан

20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық статистика бюросының өкілі бүгін баспасөз мәслихатында Қытайдың ауқымды жоғары технологиялық өңдеу өнеркәсібінің қосылған құны алғашқы үш тоқсанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға өскенін хабарлады. Олардың ішінде интегралды микросхемалар өндірісі мен электронды арнайы материалдар өндірісінің қосымша құны сәйкесінше 22,4%-ға және 20,5%-ға өсті; өнеркәсіптік роботтардың, 3D басып шығару жабдықтарының, өнеркәсіптік басқару компьютерлері мен жүйелерінің өндірісі сәйкесінше 29,8%-ға, 40,5%-ға, 98%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото