Тяньцзинь портынан Орталық Азияға жаңа мультимодальді көлік арнасы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 қазан

21 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында тауармен толық тиелген 5 жүк көлігі Шыңжаң Еркештам шекара портынан шығып, Тәжікстанның Худжанд қаласына бет алды. Бұл Тяньцзинь портынан Орталық Азия елдеріне жаңа «теңіз + теміржол + автомобиль» мультимодальді көлік арнасының ресми ашылуын білдіреді.

Мәліметтерге сәйкес, жүк партиясы алдымен Тяньцзинь портына теңіз арқылы келіп, одан Шыңжаңның Қашқар қаласына теміржол көлігімен барып, содан кейін Тәжікстанға автомобильмен жеткізіледі. Бұл арнаның ашылуы Тяньцзиннің мультимодальді көлік бағытын одан әрі кеңейтті.

Компанияның жауапты тұлғасы «Тяньцзиньнен жөнелтілетін транзиттік тауарлар үшін жаңа маршрутты пайдалану әрбір контейнердің жиынтық құнын 1000 юаньға және 2000 юаньға дейін төмендетті. Бұл біздің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігімізді айтарлықтай арттырды», - деп жаңа бағыттың тиімділігін түсіндірді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото