Қыркүйек айында Қытайдың автомобиль экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 қазан

21 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Автомобиль өнеркәсібі қауымдастығының талдауына сәйкес, қыркүйек айында 652 000 автомобиль экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға өсті. Қаңтардан қыркүйекке дейін 4,95 миллион автомобиль экспортталып, көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға өсті.

Қыркүйек айында 222 000 жаңа энергетикалық көлік экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 есеге жоғары. Қаңтардан қыркүйекке дейін 1,758 миллион жаңа энергетикалық көлік экспортталып, көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 89,4%-ға ұлғайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото