Қазақстан 2027 жылы интернетпен 100% қамтылады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 қазан

2027 жылға қарай Қазақстан халқының 100%-ы интернетпен толықтай қамтылады. Бұл туралы ҚР Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, соңғы үш жыл ішінде телекоммуникация секторына 1 трлн теңгеден астам қаражат құйылған. Соның нәтижесінде Қазақстанда интернеттің орташа жылдамдығы 94 Мбит/с деңгейіне дейін өсті.

ҚР Вице-премьердің мәліметінше, 2026 жылдың соңына дейін тағы 3000-нан астам ауылды магистральды талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылады деп күтілуде. Осылайша, ауылдардың 90%-дан астамы сымды технологиялар арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді.

Бұл жобаларды іске асыруға 2027 жылдың соңына дейін жалпы құны 323 млрд теңге болатын инвестиция салу жоспарланып отыр. Елді мекендердің қалған 10 пайызы интернетпен спутниктік байланыс арқылы қамтылатын болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото