- Барлық ақпарат
Қытай — Орталық Азия құқықтық білім беру альянсы құрылды

22 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қазан күні Шыңжаңның Үрімжі қаласында Қытай — Орталық Азия елдерінің заңмен басқару, өркениеттің өзара алмасуы мен тоғысуы конференциясы өтті. Кездесуге Қытайдан және Орталық Азияның бес елінен 100-ден астам заң сарапшылары мен ғалымдары қатысты.
Конференцияны Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының халық үкіметі мен Қытайдың Саясаттану және құқық университеті ұйымдастырды. Сол күні Қытай — Орталық Азия құқықтық білім беру альянсы құрылды. Сондай-ақ іс-шара барысында Қытай — Қазақстан жасанды интеллект және халықаралық заңмен басқару ғылыми-зерттеу орталығы, Қытай — Қазақстан халықаралық арбитраж институты, Қытай Саясаттану және құқық университетінің Астана қаласындағы Құқықтық таланттарды даярлау және шетелдік тәжірибе базалары ашылды.
people.cn © People's Daily Online



