Қазақстан алдағы үш жылда тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 қазан

Қазақстан алдағы үш жылда тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілісте өткен брифингте Қазақстан экономикасының алдағы үш жылға арналған даму болжамын таныстырды.

Министрдің айтуынша, 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 5,4%, ал 2026-2028 жылдар аралығында орта есеппен 5,3% деңгейінде болады деп күтілуде.

- Экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күші – нақты сектор мен қызмет көрсету саласы. Өңдеу өнеркәсібінде өсім қарқыны 2026 жылы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін артады. Бұл көрсеткіш ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде қамтамасыз етіледі, – деді Серік Жұманғарин.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото