- Барлық ақпарат
Шыңжаң форумында Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды

23 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның Тарбағатай аймағында өткен «Бақты» форумында жалпы сомасы 13,1 миллиард юань (шамамен 1,85 миллиард АҚШ доллары) болатын Тарбағатай аймағы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жобаларын қоса алғанда, барлығы 30 ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Бұл құжаттарға жаңа материалдар, трансшекаралық туризм, автомобиль бөлшектерін түпкілікті құрастыру және экспорттау сияқты салаларды қамтитын негіздемелік келісімдер мен сыртқы сауда саласындағы инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімдер кіреді.

Форумда Қытай, Ресей, Қазақстан және басқа елдерден келген бизнес өкілдері мен сараптама орталығының мамандары жиналып, ынтымақтастық жоспарларын талқылады.

Форум Тарбағатай аймағындағы Қытай-Қазақстан шекарасындағы «Бақты» портының атымен аталған. Порттың қазіргі өткізетін жүк көлемі мен жолаушылар ағыны ұлғайған.

2012 жылдан басталған форум биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Енді бұл шара жыл сайын өткізілетін болады. Форум «Бір белдеу, бір жолға» қатысушы елдер арасындағы өзара алмасу мен ынтымақтастықты тұрақтандырудың маңызды алаңына айналады деп күтілуде.
people.cn © People's Daily Online



