Тамаша жыл амалының бірі боқырау кірді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 қазан

23 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Баршаңызға сәлем, мен саяхаттауды ұнататын Сисимін! Таңғы тұман тауларды бүркеп, бұтақтар мен жапырақтар алтын сары және қызғылт түске боялғанда, біз күз маусымындағы ең соңғы амал — боқырауды(қырау)қарсы алдық. Қазір мен Аньхой өлкесінің Хунцунь ауылындамын. Мен сіздерді өзіммен бірге байырғы ауылдың қырау басқан көркін көруге шақырамын. Барлығымыз «салқындық басым ауада, қырау тұрды далада» деп өлеңмен өрнектелген табиғаттың өзгерісін бірге тамашалаймыз.

Хунцуньда боқырау амалы келгенде ежелгі Хуйчжоу ауылы сиямен бояған суреттей көрініске бойалды. Таңертең Оңтүстік көл әлі де тұманға оранып, жағасындағы ағаштар ақ қырау жамылған. Күн нұры бұлттардан өтіп, шұғыла қырауға шағылысқанда көл беті әлсіз ғана жылтылдайды. Көгілдір кірпіштерден төселген жолмен аяңдап келе жатсаңыз, ауылдың кіре берісіндегі қызыл үйеңкі қып-қызыл түске боялып, жапырақтары қабырға мен жолға төгіліп, ауыл көшесіне көрік қосып тұр. Боқырау амалындағы мезгіл әуені ауыл тынысына жасырынған. Тұрғындардың қыстың қамы деп жайып, жиып жатқан тәтті картоптарынан күн нұры мен топырақтың исі аңқиды.

Әлемнің арғы жағында боқырауға сәйкес келетін күз мезгілі де бірегей салт-дәстүрге толы. Италияның Тоскана өңірінде қазір зәйтүн жинау маусымы. Фермерлер зәйтүн тоғайларын аралап, жиналған зәйтүндерден май тартып, оларды жаңа піскен нанға жағып, күз мезгіліндегі әдемі дәмнен ләззат алады.

«Боқырау келіп, тыныштық басып дарқан даланы,

батыстан соққан самал күзімді ұзатып барады»,- деп жырланғандай, боқырау күздің соңы мен қыстың басы. Бұл амалға төрт мезгілдің әуені мен адамдардың өмірге деген құштарлығы тұнған. Сіз тұрған жердің боқырауы қандай бейнемен енеді? Бізбен өз өлкеңіздің боқырау амалындағы әңгімелерімен бөлісіңіз. Барлығымыз бірге қоңыр күздің соңындағы сұлулықты сезінейік.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото