Қытай-Моңғолия-Ресей Азия тасжол желісінің 4-інші желісі іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 қазан

23 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Учан кеденінен алған ақпаратына сәйкес, 20 қазанда толтыра жүк тиеген Халықаралық автомобиль көлігі конвенциясының (TIR) көлігі Үрімжіден жолға шықты. Одан әрі Тайкешкен порты арқылы елден шығып, Моңғолияны басып өтіп, Беларуссияға 10 күннен кейін жетеді деп күтілуде. Бұл Қытай-Моңғолия-Ресей Азия тасжол желісінің 4 желісі (AH4) 2023 жылдың қыркүйегінде сынақтан өткеннен бері осы жолмен жүрген алғашқы TIR көлігі.

AH4 - жалпы ұзындығы шамамен 2253 шақырымды құрайтын Қытай, Моңғолия және Ресейді байланыстыратын екінші тікелей халықаралық автомобиль көлігі арнасы. Бұл бағыт Қытай-Еуропа саудасының ең қысқа бағыттарының бірі болып табылады және Қытай-Моңғолия-Ресей халықаралық экономикалық ынтымақтастық дәлізін құруда маңызды рөл атқарады.

«Маршрут бойындағы әрбір портта көлік құралдарын кедендік рәсімдеу уақытын 2 сағатта бітіруге болады. Бұл тауарлардың шекарадан тезірек өтуіне мүмкіндік береді»,- дейді Шыңжаңдағы белгілі курьерлік компания өкілі Тан Сяолун. Желі іске қосылғаннан кейін «Бір тексеру қағазын үш елдің өзара тануы» жүзеге асырылды. Бұл кедендік ресімдеудің тиімділігін едәуір арттырып, сауда шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото