Өзбекстан - Қытай Шыңжаң тауар көрмесі Ташкентте өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 қазан

23 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте 2025 Өзбекстан- Қытай Шыңжаң (14-інші) тауар көрмесінің ашылуы өтті.

Бұл жолғы көрме алаңы 2000 шаршы метрді құрады. Көрмеге Шыңжаң кәсіпорындарынан басқа Бейжің, Тяньцзинь, Цзянсу, Чжэцзян, Шаньдун және басқа өлкелерден павильондар қойылды. Экспонаттар интеллектуалды технологияны, сауда және логистиканы, жаңа құрылыс материалдарын, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді және басқа да салаларды қамтыды.

Көрмемен бір уақытта өткен Өзбекстан-Қытай (Шыңжаң) экономикалық және сауданы ілгерілету конференциясында Өзбекстан экономикалық федерациясының төрағасы Мұхтар Омаров Қытайдың Шыңжаңы мен Өзбекстан арасындағы жергілікті экономикалық және сауда ынтымақтастығының кең перспективаларымен таныстырды. Ашылу салтанатына және насихаттау жиналысына 400-ге жуық адам, оның ішінде Өзбекстандағы Қытай елшілігінің экономикалық және коммерциялық бөлімінің өкілдері қатысты.

Осы күні негізгі жобаларға қол қою рәсімі де өтті. Қытайдың Халықаралық сауда палатасының Шыңжаң сауда палатасы Өзбекстан Экономикалық федерациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Шыңжаңдағы Ұлұқшат ауданының халық үкіметі Өзбекстанның Indra компаниясымен трансшекаралық электрондық коммерция жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сол сияқты Шыңжаң Lvmanjiang жаңа энергия және жаңа материалдар серіктестігі Өзбекстанның Самарқанд «Салық жеңілдетілген логистикалық өңдеу паркі» компаниясы қоршаған ортаны қорғау жабдықтарын интеллектуалды өндіру жобалары бойынша инвестициялық келісімге қол қойды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото