«ҚКП ОК Ұлттық экономикалық және әлеуметтік дамудың он бесінші бесжылдығын тұжырымдау жөніндегі ұсыныстары» қабылданды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 қазан

24 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылдың 20-23 қазаны аралығында Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясы 20-сыншы Орталық Комитетінің төртінші пленарлық отырысы өтті.

Қытай Коммунистік Партиясы 20-сыншы Орталық Комитетінің төртінші пленарлық отырысының мәлімдемесінде пленарлық отырыста «ҚКП ОК Ұлттық экономикалық және әлеуметтік дамудың он бесінші бесжылдығын тұжырымдау жөніндегі ұсыныстары» қаралып, қабылданғаны көрсетілген.

Пленарлық отырысқа Орталық Комитеттің саяси бюросы төрағалық етті. Отырыста Орталық Комитеттің Бас хатшысы Си Цзиньпин маңызды сөз сөйледі.

Си Цзиньпин пленарлық отырыста «Ұсынысты (Талқылау жобасын)» түсіндірді.

«Он бесінші бесжылдық» кезеңінде экономикалық және әлеуметтік дамудың ұстанымдары:

ҚКП-ның жалпы басшылығына табанды болу;

Халық бәрінен жоғары деген ұстанымға табанды болу;

Жоғары сапалы дамуды ұстану;

Реформаны жан-жақты тереңдетуді ұстану;

Тиімді нарық пен перспективалы үкіметтің үйлесімін ұстану;

Жалпы даму мен қауіпсіздікті ұстану.

«Он бесінші бесжылдықтың» кезеңіндегі экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі мақсаттары:

Сапалы дамуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу, ғылыми-техникалық өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін жоғары деңгейде арттыру, реформаларды жан-жақты тереңдетуде жаңа жетістіктерге қол жеткізу, әлеуметтік өркениет деңгейін айтарлықтай көтеру, халықтың өмір сүру сапасын үнемі жақсартып отыру, көркем Қытай құрылысында жаңа және елеулі прогреске қол жеткізу, ұлттық қауіпсіздік қорғанын одан сайын бекемдеу. Осы негізде тағы бес жыл қажырлы еңбек етіп, 2035 жылға қарай еліміздің экономикалық, ғылыми-техникалық, ұлттық қорғаныс қуаты, жан-жақты ұлттық күші мен халықаралық ықпалын айтарлықтай арттырып, жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні орташа дамыған елдердің деңгейіне жеткізу. Халықтың тұрмысын бақытты және көркем ету, социалистік модернизацияны жүзеге асыру.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото