Қазақстан Орталық Азия елдерін күнбағыспен толық қамти алады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 қазан

Қазақстан өткен жылы Орталық Азия елдеріне өсімдік майлары мен майлы дақылдарды қайта өңдеу өнімдерін экспорттау бойынша көшбасшы орнын нығайтып, Өзбекстан мен Тәжікстанның негізгі жеткізушісіне айналды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өзбекстан нарығындағы қазақстандық майдың үлесі 65%-ға (2017 жылы – 13%) жетті, ал Тәжікстанда 74 пайыз (2017 жылы – 15%). 

«Қазақстаннан экспортталатын күнбағыс майының көлемі қазірдің өзінде Орталық Азия елдерінің жиынтық импортынан 1,5 есеге көп, қажет болған жағдайда біз бұл нарықты толық қамтамасыз ете аламыз», – деп атап өтті ҚР Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото