Шэньчжэнь-Чжуншань арнасының батыс жасанды аралы мәдени туризмнің сынақ жұмысын бастады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 қазан

24 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 22 қазанда тілшінің Гуандун көлік-қатынас тобынан алған ақпаратына сәйкес, 25 қазан күні Шэньчжэнь-Чжуншань арнасының батысындағы жасанды аралдың мәдени туризмнің сынақ операциясы басталды. Туризм арнасы желтоқсан айында ресми түрде ашылады.

Шэньчжэнь-Чжуншань арнасы-көпір, арал, туннель және су асты қатынасын біріктіретін әлемдік деңгейдегі теңізаралық кластерлік жоба. Оның жалпы ұзындығы шамамен 24 шақырымды құрайды. Бұл әлемдегі ең үлкен көрсеткіш. Қазіргі уақытта аталмыш кешенді құрылыс әлемдегі ең күрделі теңізаралық кластерлік жобалардың бірі болып табылады.

Шэньчжэнь-Чжуншань арнасындағы көпір мен туннельді тұтастыратын негізгі торап ретінде, Батыс жасанды аралдың ауданы шамамен 137 000 шаршы метрді құрайды. Кешен жол қозғалысын басқару, апаттық-құтқару жұмыстары және ғылыми-көпшілік білім беру сияқты функцияларды да орындайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото