- Барлық ақпарат
10 000 тонналық таза электрлі сусымалы заттарды тасымалдаушы кеме Хубэй өлкесінің Ичан қаласында іске қосылып, жабдықталды

24 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 23 қазанда Хубэй өлкесінің Ичан қаласында өткен 2025 жылғы жасыл энергетиканы дамыту конференциясында Қытайдың ең ірі 10 000 тонналық таза электрлі сусымалы заттарды тасымалдаушы жүк кемесін суға түсіру және оған ат қою рәсімі өтті. Кеме ресми түрде «Гэчжоуба»деп аталып, жабдықтау сатысына ауыстырылды.

Қытайдағы 10 000 тонналық таза электрлі сусымалы заттарды тасымалдаушы кеменің ғылыми-зерттеу және демонстрациялық қолдану жобасы ретінде осы жолы іске қосылып, есім берілген «Гэчжоуба» кемесі таза электр энергиясы мен интеллектуалды технологияларды қолдануда бірқатар жетістіктерге жетті. Бұл - Қытайдың ішкі кеме қатынасын жасыл және интеллектуалды дамытудағы негізгі қадам.

Мәліметтерге сәйкес, «Гэчжоуба» таза электрлі сусымалы заттарды тасымалдаушы кемесінің жалпы ұзындығы шамамен 130 метр және максималды жүк көтергіштігі 13 000 тоннадан асады. Кеме 12 литий батареясының қорап түріндегі қуат көздерімен жабдықталған, жалпы қуаты 24 000 квт/сағ, қуатын жылдам алмастыруға болады әрі 500 километрге дейінгі қашықтыққа жетеді.

people.cn © People's Daily Online
 
				 
			



