- Барлық ақпарат
Қасым-Жомарт Тоқаев: Экономикамыздың әлеуетін сақтай отырып, оны тың серпінмен дамыта түстік

2025 жылдың 24 қазанында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды KAZINFORM.
«Экономикамыздың әлеуетін сақтай отырып, оны тың серпінмен дамыта түстік. 2019 жылдан бері экономикамыз 16 пайызға өсті, биыл осы көрсеткіш шамамен 137 триллион теңге, яғни 291 миллиард доллар болады деп күтілуде, бұдан да асуы мүмкін. Бұл Қазақстанның біздің аймақтағы ең үлкен экономика екенін көрсетеді. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 47 пайызға артып, 14 400 долларға жетті. Бұл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштің бірі. Қазақстанның алтын-валюта резервінің көлемі 58 миллиард долларға жетті. Жеті жылда сыртқы сауда айналымы 83 пайызға артып, бүгінде 142 миллиард доллар болды», - деді ҚР Президенті.
people.cn © People's Daily Online



