- Барлық ақпарат
Орталық Азия авторларының еңбектеріне арналған баспа орталығы құрылды

28 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қазанда Цзянсу өлкесінің Нанкин қаласында Орталық Азия авторларының еңбектеріне арналған баспа орталығы құрылды. Шараға Қытай, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан және басқа елдердің баспа саласы қызметкерлері, ғалымдары, студенттері сынды 100-ге жуық адам қатысты.
Орталықтың қызметі «Қытай-Орталық Азия» рухын алға жылжытуға, шығармаларды аудару арқылы Қытай мен Орталық Азия елдерінің мәдениет және баспа саласындағы практикалық ынтымақтастығын ілгерілетуге, университеттер, мәдени мекемелер мен кәсіпорындар ресурстарын біріктіруге бағытталып, сол арқылы аймақтық алмасулар мен ынтымақтастықты ілгерлетуді мақсат етеді.
Құрылу рәсімінде Nanjing Publishing and Media Group Қырғызстан сарапшыларымен авторлық құқықты авторизациялау туралы баспа келісіміне қол қойылды. Олардың ішінде Nanjing Publishing and Media Group қырғыз тіліндегі бес әдеби шығарманың авторлық құқығын алды. Ал кітаптар Азияның классикалық туындыларын өзара аудару жоспарының Қытай-Қырғызстан жобасына енгізілді. Nanjing Publishing and Media Group 2 туындының авторлық құқығын екінші тарапқа берді.
people.cn © People's Daily Online
 
				 
			



