Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей теміржол қатынасы қалпына келтіріледі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 қазан

ҚазАқпараттың мәліметіне сәйкес, Мәскеу мен Алматы арасындағы тікелей теміржол қатынасы қайта іске қосылады.

— «Қазақстан темір жолы» компаниясымен келісе отырып, Мәскеу мен Алматы арасында тікелей пойыз қатынасын қалпына келтіріп жатырмыз. Пойыздар екі күн сайын қатынайтын болады, — делінген хабарламада.

Пойыз кестеге сәйкес, Алматыдан 26 қазан күні № 7/8 Алматы-Саратов бағыты бойынша жолға шығады. Мәскеуден 30 қазан күні № 85/86 Мәскеу-Дербент пойызымен аттанады. Жол жүру уақыты шамамен үш жарым күн болады.

Айта кетейік, Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей қатынас 2017 жылы тоқтатылған болатын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото