- Барлық ақпарат
«15-інші Бесжылдық» кезеңіндегі негізгі міндеттер

29 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Орталық Комитеттің төртінші пленумында «15-інші Бесжылдықтың» кезеңінде экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі міндеттері жүйелі түрде қарастырылды. Негізгі мазмұны келесідей:
1. Заманауи индустриялық жүйені құру, нақты экономиканың негізін нығайту және ұлғайту.
2. Жоғары деңгейдегі ғылым мен техниканың өзін-өзі жетілдіруін жеделдету, жаңа сапалы өндіргіш күштің дамуына жетекшілік ету.
3. Қуатты ішкі нарықты және дамудың жаңа үлгісін құруды жеделдету.
4. Жоғары деңгейдегі социалистік нарықтық экономика жүйесінің құрылысын жеделдету және сапалы дамудың қозғаушы күшін нығайту.
5. Сыртқы әлемге жоғары деңгейдегі ашықтықты кеңейтіп, ұтымды ынтымақтастықтың жаңа кезеңін жасау.
6. Ауыл шаруашылығы мен ауылдық жерлерді модернизациялауды жеделдету, ауылды жалпы жандандыруға нақты ықпал ету
7. Аймақтық экономикалық жоспарды оңтайландыру және аймақтың үйлесімді дамуын ілгерілету.
8. Ұлттық этникалық мәдениетті инновацияға және өміршеңдікке ынталандыру, социалистік мәдениетті өркендету.
9. Халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуді күшейту, әлеуметтік игілігін жақсарту, халықтың ортақ баюын нығайтуға белсенді серпін беру.
10. Экономикалық және әлеуметтік дамудың жан-жақты жасыл трансформациясын жеделдету және көркем Қытайды құру.
11. Ұлттық қауіпсіздік жүйесі мен қабілетін модернизациялауды ілгерілету, жоғары деңгейдегі қауіпсіз Қытайды құру.
12. Армия құрылуының жүз жылдық мақсатына ойдағыдай қол жеткізу және ұлттық қорғаныс пен армияны жоғары сапалы модернизациялауға ықпал ету.
people.cn © People's Daily Online
 
				 
			



