Қытайдың нақты экономикасының негізін нығайту және күшейту

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 29 қазан

29 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы ХХ Орталық комитетінің төртінші пленарлық отырысында «15-інші бесжылдық жоспар» кезеңіндегі экономикалық және әлеуметтік дамудың 12 стратегиялық міндеті қойылды. Бірінші бағыт — «заманауи индустриялық жүйені құру, нақты экономиканың негізін нығайту және күшейту».

ҚХР Ұлттық даму және реформалар жөніндегі комитетінің директоры Чжэн Шаньцзе Қытайдың алдында нақты экономиканы бекемдеудің төрт негізгі міндеті тұрғанын айтты.

Дәстүрлі индустрияны оңтайландыру және жетілдіру. Еліміздің дәстүрлі индустриясының көлемі үлкен, олар өңдеу өнеркәсібінің 80%-дан астамын құрайды. Бұл еліміздің индустрия жүйесінің «негізгі жүлгесі». «15-інші бесжылдық жоспар» кезеңіне негізгі индустрияның сапасын жақсартуға және жаңартуға жәрдемдесу арқылы алдағы бес жылда шамамен 10 триллион юань нарық кеңістігі қосылады.

Дамушы индустрия мен болашақ индустрияны баулу және нығайту. Дамып келе жатқан тірек индустрияны құру, жаңа энергетика және жаңа материалдар сияқты стратегиялық дамып келе жатқан индустрияның кластерлерін жеделдету, кванттық технологиялар мен биоөндіріс сияқты болашақ индустрияны көрегендікпен орналастыру керек. Алдағы он жылда бұл жаңа бастамалар ауқымы жағынан тағы да бір Қытайдың жоғары технологиялық индустриясын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қызмет көрсету саласының сапалы және тиімді дамуына ықпал ету. Заманауи қызмет көрсету саласының, озық өңдеу өнеркәсібінің және заманауи ауыл шаруашылығының интеграциясы мен даму деңгейін арттыру, экономикалық өсу үшін жаңа кеңістік ашу.

Заманауи инфрақұрылымдық жүйенің құрылысын жеделдету. Бұл бағытта инфрақұрылымды біртұтас жоспарлау, жаңа үлгідегі инфрақұрылымды лайықты алдын ала салу, сондай-ақ инфрақұрылымның өзара байланысын, үйлесімді дамуын, қауіпсіз және тиімді жұмысын қамтамасыз етуді ілгерлету керек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото