- Барлық ақпарат
Ван И Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Көшербаевпен келіссөздер жүргізді

29 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылдың 28 қазанында ҚКП Орталық комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И Бейжіңде Қазақстанның жаңадан сайланған Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен келіссөздер жүргізді.
Ван И Қытай тарапы екі ел мемлекет басшыларының консенсусын іске асыруды басшылыққа ала отырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуды бастапқы ниет етіп, ортақ ақылдасып, сәйкесіп, ынтымақтасып бірге дамып, гүлденуді миссия етіп, стратегиялық өзара сенімді нығайту, ұрпақтар бойы жалғасып келе жатқан достықты жалғастыру, «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапалы бірге салу, Қытай-Қазақстан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру үшін Қазақстанмен бірге жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Қытай Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Қытай-Орталық Азия механизмі аясындағы Қазақстанның белсенді рөлін жоғары бағалап, аймақтық бейбітшілік пен дамуға ықпал етуде үлкен рөл атқару мақсатында осы платформаларды үздіксіз жетілдіру және нығайту үшін Қазақстанмен ынтымақтасуға дайын.
Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасының құрылғанына 76 жыл толуымен және Қытай Коммунистік Партиясы ХХ Орталық комитетінің төртінші пленарлық отырысының сәтті ашылуымен құттықтады.

Қазақстан Қытай тарапына Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғаудағы қолдауы үшін алғыс білдірді. Қазақстан бір Қытай қағидатын берік ұстануды әрі Қытайдың негізгі мүдделерін қорғауын нық қолдауды жалғастыратынын мәлімдеді. Сондай-ақ Қытай тарапымен барлық деңгейдегі достық байланыстарды сақтап, түрлі салалардағы прагматикалық ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін білдірді.
Фото:Қытай Сыртқы істер министірлігі
people.cn © People's Daily Online
 
				 
			



