- Барлық ақпарат
Нинсяның картоп өнімдері Өзбекстанға экспортталды
 (Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 30 қазан
		
		
30 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қазан күні тілшінің Иньчуань кеденінен алған мәліметіне сәйкес, Xuechuan Liupanshan Food (Ningxia) компаниясы шығарған 20,6 тонна картоп ұнтағының алғашқы партиясы Чжунвэй кеденінде тексеріліп, Өзбекстанға жөнелтілді.
Статистикаға сүйенсек, биыл Нинсяның Гуюань қаласы картоп ұнтағының 42 партиясын экспорттаған. Таиланд, Австралия, Ресей, Корея Республикасы, Жапония, Сингапурдан бастап, Өзбекстанға дейін картоп өнімдерінің экспорттық аумағы кеңеюін жалғастырып келеді. Бұл шетелдік тапсырыстардың тұрақты түрде өсуін көрсетеді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
	
			Онлайн «Халық Газеті» туралы 
people.cn © People's Daily Online
	people.cn © People's Daily Online
 
				 
			



