Қазақстанның Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жібек Жолы» кітап үйінің ашылу салтанаты өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 31 қазан

31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қазанда Қазақстанның Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қытай Мұнай-химия корпорациясы мен Қазақстанның Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп ұйымдастырған «Жібек Жолы» кітап үйінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты рәсімге Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Су Юй, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және Қытай Мұнай-химия корпорациясының Қазақстандағы бас өкілі Цзэн Фаньли қатысып, сөз сөйледі.

Қытай Мұнай-химия корпорациясы «Жібек Жолы» кітап үйіне 500-ден астам кітап сыйлады. Бұл кітаптар Қытай экономикасы, қоғамы, тарихы, мәдениеті және т.б. мәселелерді қамтиды. Университет ректоры, оқытушылары және студенттері еңбектерді парақтап оқып, Қытай елімен жан-жақты танысты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото