- Барлық ақпарат
Шыңжаңдағы туризмнің өсу қарқыны осы жылдың алғашқы 10 айында елде бірінші орынға шықты

31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Ctrip платформасының деректері көрсеткендей, осы жылдың алғашқы он айында Шыңжаңның 14 аймақ-облысы мен қаласының туристік нарығы қарқынды өсіп, аймақтық туризмді дамытудың өміршеңдігін көрсетті. Олардың ішінде Үрімжі қаласына, Іле Қазақ автономиялық облысы мен Қашқар облыстарына туристердің ең көп үлесі тән. Ал Бұртала Моңғол автономиялық облысы қабылдаған туристердің өсу қарқыны 80% - дан асты.

Ішкі туризм тұрғысынан Гуандун, Бейжің, Сычуань, Хэнань, Шаньдун өңірлері Шыңжаңның туристік қайнарының бестігіне кірді.
Орталық Азия Шыңжаң туризмінің маңызды орталығының біріне айналды. Олардан келетін туристер үшін ең жақсы бес көрікті өлке - Сайрам көлі, Тяньшань Боғда көлі, Сайтан керіш, Нарат және Шаты жайлаулары. «Үрімші + Солтүстік Шыңжаң + Сайрам көліне 10 күн, 9 түндік топтық тур» және «Үрімжі + Оңтүстік Шыңжаңға 12 күн, 11 түндік топтық тур» туристер арасындағы ең танымал саяхаттар болып табылады.

Ctrip Group вице-президенті Чжан Сюйдың айтуынша, тренд тұрғысынан туристер «көрініс тамашалаудан» «терең сезінуге» ауысқан; өзі көлігімен жүретін турлар, қойылым тамашалау, түнгі турлар сала дамуының жаңа нүктелеріне айналды. Өнеркәсіптік орналасу тұрғысынан ауылдық туризм, қар-мұз спорты және басқа да бағыттар қарқынды өсуде.
people.cn © People's Daily Online



