AG600 «Kunlong» далада су сору және су бүрку бойынша алғашқы жаттығуын сәтті аяқтады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 31 қазан

31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қытай авиация өнеркәсібі корпорациясы компаниясынан алған мәліметіне сәйкес, еліміз толығымен дербес әзірлеген ауқымды су мен құрлықта тең ұшатын ұшақ AG600 «Kunlong» Цзилинь өлкесіндегі Сунхуа көлінің аймағында су сору және су бүрку бойынша алғашқы тәжірибелік жаттығудан өтті.

Болашақта AG600M ұшағы нақты пайдалану процесінде орман өрттерін сөндіру жөніндегі бұйрық алғаннан кейін, жердегі командалық орталық ұсынған ақпарат негізінде ұшуға дайындалады. Ұшақтар белгіленген стратегияларға сәйкес құрлықтағы әуежайлардағы су орталықтарынан немесе жердегі су көздерінен су толтырып, өрт болған жерге барады.

Болашақта AG600 «Kunlong» құрлықтағы өртке қарсы күштермен бірге орман қауіпсіздігінің үш өлшемді торын құру үшін жұмыс істейді.

Фото:Қытай авиация өнеркәсібі корпорациясы компаниясы

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото