Қазақстандағы үшінші Лубань шеберханасы Алматыдағы Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университетінде ресми түрде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 3 қараша

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша 1 қараша күні Алматыдағы Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университетінде Қазақстандағы үшінші Лубань шеберханасының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шараға Қытайдың Алматыдағы Бас консулының міндетін атқарушы Лу И қатысып, сөз сөйледі. Іс-шараға Үрімжі Кәсіптік-техникалық университеті ҚКП комитетінің хатшысы Тан Сяобин, Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университетінің негізін қалаушы Серіков, университет ректоры Меруерт Жармағамбетова және екі жақтың тиісті бөлімшелері, оқу орнының оқытушылары мен студенттерінен тұратын 200-ден астам адам қатысты.

Қазақстанның үшінші Лубань шеберханасын Үрімжі Кәсіптік-техникалық университеті мен Алматыдағы Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университеті бірлесіп «Жібек Жолы шеберханасы» ынтымақтастық жобасының негізінде салған. Кәсіби бағыт «Өнеркәсіптік робототехника», ол интеллектуалды өндіріс саласында жоғары білікті таланттарды дамытуға күшті қолдау көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы алғашқы Лубань шеберханасын Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Тяньцзинь Кәсіптік-техникалық университеті бірлесіп салған. Ал екінші Лубань шеберханасын Тяньцзинь Кәсіптік-техникалық университеті мен Қазақстанның Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп ашқан.

Фото:Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығы

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото