Гуанчжоу: 15-інші Ұлттық ойындар қарсаңындағы спорттық ген және мыңжылдық сауда қаласы

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 4 қараша

4 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Таңертең Гуанчжоудың дәстүрлі және заманауи келбеті бір мезгілде оянады - Сигуань көшелеріндегі кантондық опера мен Чжуцзян жаңа қаласындағы шопырсыз көліктер жарқын және жарасымды көрініс жасайды.

15-інші Ұлттық ойындар Гуанчжоуда 2025 жылдың 9 қарашасында ашылады. Гуанчжоуда спорт түрлерінде көптеген таланттар бар, бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді.

Мұнда дәстүр мен қазіргі заман бір-бірімен үйлесіп өмір сүреді. Шайханада таңертең ерте жастар ұялы телефондарын пайдаланып, асшаяндардың тұшпарасына тапсырыс береді, ал қарттар дәстүрлі «саусақ қағу рәсімін» пайдаланып, даяшылардан қызмет өтеуді сұрайды; Баомо бағында күндіз кантондық опера шеберлерінің әні шетелдік туристерді өзіне тартса. Ал кешке Ледэ көпірінің астында ағылшын әні мен биіне жаттыққан Чаушань жастарының барабаны мен көлік шуылы қосылып, өзгеше симфония қалыптастырады.

Инновация қаланың дамуына жаңа серпін берді. Ұлттық ойындарды өткізу мүмкіндігін пайдалана отырып, Гуанчжоу Гуандун-Сянган-Аомэнь Үлкен шығанағы аймағындағы спорт индустриясының үйлестірілген дамуын жеделдетіп жатыр, ғылыми-техникалық инновациялар саласындағы ынтымақтастық тетіктерін зерттеп, аймақтық экономикалық дамуға жаңа серпін берді. Спорттың, ғылым-техниканың екі жақты дамуының арқасында осы мыңжылдық сауда қаласы әлемге Қытай дәстүрлері мен қазіргі заманның тамаша үйлесімін көрсете отырып, барған сайын жарқырай түсуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото