- Барлық ақпарат
Ежелгі Жібек Жолымен қайта жүріп, 3000 шақырымға жол тартқан түйе керуені

5 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 3 қарашада сағат 17:00-де 33 түйе, 3 жылқы, 30 команда мүшесі және 4 құрал-жабдық көлігінен тұратын «Шығыс Тяньшаньнан келген түйе керуені» Ганьсу өлкесінің Гулан ауданына жетті. Бұл керуен 22 тамызда Шыңжаңдағы Баркөл Қазақ автономиялық ауданынан жолға шыққаннан бері шамамен 1600 шақырым жол жүрді. Олардың соңғы аялдайтын жері Хэнань өлкесінің Лоян қаласы. Керуен шамамен 3000 шақырымнан астам сапардан соң мәдени экспедициясын аяқтайды.

Түйе керуенінің қоңырау үні арғы заманнан жеткендей әсер береді. «Шығыс Тяньшань түйе керуені» тарихтың ізін қайталап, Жібек Жолының рухын және Шыңжаң бұйымдарының сұлулығын таныстыруда. Ұжым жұмысы Қытайдағы әлеуметтік желіде бірнеше рет қызу талқы реитнгінде болды. Маршруттық динамика мен мәдени интеграция іс-шаралары көпшіліктің назарын аударып, қазіргі уақыттағы ең көп қаралатын «Жібек Жолы елшісіне» айналды.

people.cn © People's Daily Online



