- Барлық ақпарат
Увэйдің кокстері тиелген алғашқы Орталық Азия пойызы жолға шықты

5 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Ганьсу (Увэй) халықаралық құрлық портынан Өзбекстанның Ташкент қаласына тікелей қатынайтын кокс тиелген алғашқы Орталық Азия жүк пойызы жолға шықты. Бұл пойызға негізінен Wuwei Ronghua Coke компаниясының кокс өнімдеріне толы 55 дана 40 футтық контейнерлер тиелген. Жалпы жүк құны 5,2 миллион юань және барлық жүк көлемі 1450 тонна.
Осы пойыздың үздіксіз жөнелтілуін қамтамасыз ету үшін Ганьсу (Увэй) халықаралық құрлық порты кәсіпорындардың экспорттық қажеттіліктерін байланыстыру туралы бастама көтеріп, шетелдегі қоймалардың орналасуын зерттеу үшін, Қазақстан мен Өзбекстанға трансшекаралық инспекциялық топ құрды. Экспорттық біліктілік процесін тиімді аяқтау, кедендік ресімдеу процесін үздіксіз оңтайландыру, теміржол вокзалдарында кокс тасымалдау санаттарын қосу, тасымалдау шарттарын жақсарту және толық тізбек арқылы жергілікті кәсіпорындардың «шетелге шығуына» жәрдемдесу үшін кеден, теміржол және басқа ведомстволармен бірге жұмыс жасады.
people.cn © People's Daily Online



