XPeng Aridge ұшатын көліктерін өндіретін зауыт Гуанчжоуда сынақ режимінде жұмысын бастады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 қараша

5 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- XPeng Aridge ұшатын автокөлік зауыты 3 қарашада Гуандун өлкесінің Гуанчжоу қаласында сынақ режимінде жұмысын бастады. Оның «құрлықтағы ұшақ тасығышы» алғашқы зауыттан шыққан өнім болды. Зауыт Гуанчжоудың Хуанпу аумағында орналасқан. Қазіргі таңда Хуанпу аумағы ғылыми-техникалық инновациялардың шоғырланған аймағына айналды.

Зауыт негізінен «құрлықтағы ұшақ тасығыш» шығару үшін пайдаланылады. Оның бастапқыдағы жылдық өндірістік қуаты 5000 дана болатын. Болашақта бұл көрсеткішті екі есеге арттыру жоспарланып отыр. Толық қуатта жұмыс істеген кезде өндіріс желісінен әрбір 30 минут сайын бір ұшатын көлік шығарылады.

Мәліметтерге сәйкес, сынақ өндірісінің осы раундындағы ұшатын көліктер сынақ ұшыру үшін қолданылады. Сол арқылы өнімнің өнімділігі мен технологиясын одан әрі тексеріп, келесі жылы «құрлықтағы ұшақ тасығышының» жеткізілуіне берік негіз қалайды.

Зауыт Қытайдың төмен биіктіктегі экономикасының ауқымды өндірістің жаңа кезеңіне өтуін білдіреді. Композиттік материалдарды, қуатты, қосылымды, жабынды және түпкілікті құрастыруды қамтитын оның құрастыру үлгісі саладағы болашақ зауыттар үшін үлгі болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото