Шанхай қаласының әкімі Алматы әкімі Д.Сатыбалдымен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 қараша

6 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 3 қарашада Шанхай қаласының әкімі Гун Чжэн Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесті.

Гун Чжэн Қытайдың 8-інші халықаралық импорт көрмесіне қатысуға келген Дархан Сатыбалды бастаған делегацияны жылы шыраймен қарсы алды. Алматымен қатар, қазақстандық басқа да компаниялардың импорт көрмесіне қатысып жатқанымен құттықтады. Сонымен қатар, Шанхай қаласының әкімі Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз алмасуды, екі қала арасындағы тікелей рейстердің ашылуын және Қазақстанның «Қытай туризм жылын» орай етіп, туризм, мәдениет, өнер, жастар және басқа салалардағы алмасулар мен ынтымақтастықты тереңдетіп, түсінікті арттырып, достықты нығайтуды үміт ететінін білдірді.

Д.Сатыбалды екі қала білім беру, медициналық көмек, жоғары технологиялар, өнеркәсіп және туризм саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастырып, одан сайын етене алмасулар мен ынтымақтастық тетіктерін орнатады деп күтетінін жеткізді. Импорт көрмесі арқылы Шанхай мен Қытайға көбірек танымал өнімдер мен қызметтерді ұсынуды асыға күтетінін айтты.

Биылғы импорт көрмесі шетелдік өлкелермен, облыстармен және қалалармен ынтымақтастықты кеңейтті. Қазақстанның Алматы қаласы, Канаданың Саскачеван өлкесі және т.б. алғаш рет келіп тұр.

Биыл маусым айында Астанада өткен Қытай-Орталық Азия саммиті барысында Шанхай мен Алматы қалалары арасында достық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылып, екі қала ресми түрде достық қалаларға айналған болатын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото