Жылдың жақсы мезгілі: Қыс басы

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 қараша

7 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін - қыс басы. Бұл Қытайдың жиырма төрт амалындағы қыстың алғашқы амалы. Көктем басы, жаз басы және күз басымен бірге «төрт Ли» деп аталады. Бұл маусымның алмасуындағы маңызды өзгерісті білдіреді. Қыс басының кіруі - қыстың ресми түрде басталғанын білдіреді.

Қазір «мұзды қала» атанған Харбиндегі Сунхуацзян жағасында тұрмын. Мұнда Орталық көшенің орыс үлгісіндегі ғимараттары ерекше сәнді, ал ауада қызыл шұжықтың хош иісі аңқиды. Қысқы жүзуді ұнататындар Сунхуа өзенін кесіп өтіп бара жатыр. Қар-мұз қаласы ақыл парасатымен қысқы суықты көңілді ойын алаңына айналдыруда. Сіздерді де қыс басының ерекше атмосферасын менімен бірге сезінуге шақырамын!

Фермерлер үшін қыс басы - шаруашылық жұмыстарын аяқтау және астық сақтау үшін маңызды кезең. Бұл кезде күзгі астық қоймаға жиналып, егістік біраз уақыт тынығады. Диқандар орташа тәуліктік температура 0-5℃ болғанда атызға су жіберіп, жерді ылғалдандырады. Солтүстіктегі ауылдық жерлер әлі күнге дейін көкөністің бір бөлігін канда сақтау әдетін сақтайды, тағамның ылғалдануын болдырмау үшін канның температурасын пайдаланады, ал қырыққабат пен шалғам жертөледе ұқыпты сақталады. Топырақ қабатында тұрақты температурада сақталған көкөністі келесі жылдың көктеміне дейін жеуге болады. Бұл фермерлердің ұзақ мерзімді даналығы, қысқа дайындығы және келер егінге дайын болуы.

Шетелде қысты қарсы алудың өзіндік ерекшелігі бар: Финляндия аврораны күтеді, Канада шаңғы тебуді ұнатса, Норвегия қысқы фестиваль өткізеді. Қытайдың солтүстігінде тұшпара мен қой сорпасын, оңтүстігінде тауық, үйрек, балық етін жеп, суық күнде бойына қуат жинайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото