Нинсяның 87 тұяқ сүтті сиыры Өзбекстанға жөнелтілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 қараша

7 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 5 қарашада тілші Нинсяның Учжун қаласы Литун аумағынан алған мәліметіне сәйкес, осындағы 87 тұяқ жоғары сапалы сүтті сиыры Еркештам порты арқылы Өзбекстанға жөнелтілді. Бұл Нинсядағы тірі сиырлардың алғаш рет экспортталуы.

Литун аумағы берік мал шаруашылық қоры бар халықаралық деңгейде танылған «Алтын сүт көзі белдеуі». Деректер көрсеткендей, бұл өңір шаруашылығында 235 000 тұяқ сиыр бар. Түлікті өсіру деңгейі 98%-ды құрайды. Ал сүттің жылдық өндірісі 1,2 млн. тоннадан асады. Сүт протеинінің 3,2% және сүт майының 3,8% сияқты негізгі көрсеткіштер орташа мемлекеттік деңгейден жоғары.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото