Алматының цифрлық егізі: жобаны Қытай агенттігі қаржыландыруы мүмкін

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 қараша

ҚазАқпараттың мәліметіне сәйкес, Алматыда цифрлық технологияларға негізделген басты бастамалардың бірі — қаланың цифрлық егізін әзірлеу. Қазіргі таңда мегаполистің цифрлық егізін құруға арналған нақты қадамдар жасала бастаған.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы компаниямен бірлесіп жүзеге асыру көзделген пилоттық жоба бойынша техникалық тапсырма әзірленіп жатыр.

— Жобаны қаржыландыру Қытайдың халықаралық даму жөніндегі ынтымақтастық агенттігінің (China International Development Cooperation Agency) грант қаражаты есебінен жоспарланған.

Цифрландыру басқармасы жобаны әзірлеуге арналған конкурс 2026 жылы пилоттық жобаның қорытындысы бойынша жарияланатынын атап өтті.

— Бұл шешім жалпы техникалық тапсырмада жоба шеңберіндегі функциялар, міндеттер және оларды іске асыру мүмкіндіктері айқындалып, жалпы бюджетке және іске асыру кестесіне бағалау жүргізілген кезде қабылданады, — делінген хабарда.

Қаланың цифрлық егізі қалай қолданылады

Бастама кезең-кезеңмен жүзеге аспақ. Ең алдымен, 2026 жылы жоба тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және көлік салаларын қамтыса, 2027 жылдан бастап өзге де салалар қосылады.

Ведомство жауабына сәйкес, Алматының цифрлық егізіне қойылатын басты талап — қаланың ағымдағы қызметін жедел басқару режимінде, оның ішінде авариялық жағдайлар мен төтенше жағдай туындаған кезде қаланың дамуы бойынша талдау жүргізуге және болжам жасауға қабілетті болуы керек.

— Жобаны іске асырудың шарты — 2026 жылы қаланың бүкіл инфрақұрылымы мен инженерлік желілеріне толық түгендеу жүргізіп, оларды толықтай цифрландыру. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, мегаполис үшін мұндай жобаны толық аяқтауға әдетте 3 жылдан 5 жылға дейін уақыт қажет, — деп түсіндірді хабарда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото