- Барлық ақпарат
Хулун-Буир қаласында Ішкі Моңғұлдың қар-мұз туризм маусымы басталды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 қараша

10 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 6-7 қараша аралығында 2025-2026 жылғы Ішкі Моңғұл автономиялық регионы қар-мұз туризмі маусымы Хулун-Буирға қарасты Гэньхэ қаласы Аолугуя бұғы тайпасы көркем аймағы мен Қытайдың Суық полюс ауылында басталды.

Қар-мұз туризмі маусымы 5 айға созылады. Осы кезең аралығында 159 қысқы туризм сериясы мен 45 қысқы туризм маршруттары бірінен кейін бірі ұсынылады. Бұл шараларға қар-мұз ойындары, қар-мұз демалыстары, қар-мұзды далаға серуен, қарлы даладағы арасан, туристік өнер қойылымдары, тағам және музыка, мәдени сапарлар сынды көп түрлі, әр салалы қызметтер мен өнімдер кіреді.



(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



