Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығы

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 қараша

11 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Бейжіңде Қазақстанның шетелдегі тұңғыш мәдениет орталығы ашылған болатын.

Бұл жобаны жүзеге асыру екі ел арасындағы мәдени алмасудың жаңа кезеңін білдіреді. Бұл сондай-ақ қазақстандық мәдениетті халықаралық аренада насихаттауға маңызды үлес қосады. Сонымен бірге Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстар мен стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетеді.

Мәдениет орталығы Бейжіңнің негізгі іскерлік ауданында орналасқан, 620 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ол қазақстандық дәстүрлерді, өнерді, тілді, тарихты және этникалық тағамдарды көрсетуге, сондай-ақ түрлі іс-шараларды өткізуге арналған алаң ретінде қызмет етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото